Сәттік сезім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сәттік сезім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1394
Бір сәтте сені түсіндім,
Бір сәтте қолды ұсындым.
Бір сәтте сендік сезімді
Көңілін баурап халықтың,
Өзіңді сәтте таныттың.
Сөздерің баурап сиқырлы,
Тұтқының болып қалыппын.
Жалыны орап жанардың,
Қақпаңа сенің қамалдым.
Кенеттен келген кеселдің
Дауасын қайдан табармын?
Өмірдің жолы қиырда,
Түстім бір түпсіз шиырға.
Ғашық боп қалдым кенеттен,
Айыпқа мені бұйырма.
Ақынның жаны елгезек.
Сезімге сергек бер кезек.
Тәкаббарсыну менде жоқ,
Басымды ием, пенде боп.
Түсінгін, жаным, түсінгін,
Қолымды саған ұсындым.
Не десең-дағы өзің біл,
Тұзаққа мықтап түсірдің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері