Сүйікті жан сәулем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сүйікті жан сәулем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1827
Көрікті күндері көктемнің
Сан кешті өзіңсіз өткердім.
Жабығып, жалғыздық көп көрдім,
Сүйікті жан сәулем, кел, менің.
Болса да тым көп-ақ мөлдір көз,
Сен жаққан жалынды сол бір кеш,
Жүректен ешбір жан сөндірмес,
Сүйікті жан сәулем, кел, менің,
Бір оқып, бір жерде болайық,
Білекті білекке орайық,
Барады сағыныш молайып,
Сүйікті жан сәулем, кел, менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері