Өзегінде құрты бар

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Болып жатса есе кем,
Жағамнан ап жұлқып ал.
... Өмір деген осы екен,
Өзегінде құрты бар.

Құрт тессе егер өзегін,
Соры емес пе, өндірдің?
Деп – бәріне төземін,
Сабырымды көндірдім.

Ақ жарылып, апалап,
Жанымда отыр жалқы мұң.
Сығымдады сапалақ,
Ақылымның алқымын.

Бұл өмірге келдің бе,
Қойғаның жөн бұғуды.
... Елім дейтін ердің де,
Бір саусағы бүгулі.

Өзегінде құрты бар,
Біз - өмірдің пендесі.
Тұрған сәтте үркіп ар,
Кіре ме елдің енді есі...

Ұлысымның ұланы,
Қала көрме тұралап.
... Болашағым тұр, әне,
Босағадан сығалап...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзегінде құрты бар өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Өзегінде құрты бар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Өзегінде құрты бар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзегінде құрты бар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері