Бір ақынды бір ақын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Бір ақынды бір ақын» атты Абдрахман Асылбек жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1614
Бір ақынды бір ақын
Қайталаса – өлгені.
Өлмес өмір мұратын
Өз қолымен көмгені.
Өзге түгіл өзіңді
Қайталауға бола ма?
Онда, алтын сөзіңді
Айналдырдың қолаға.
Нағыз ақын жырлайды
Тоқсан толғап, мың бұрап.
Сұлу сөзі сырнайлы
Сайрап тұрар сыңғырап.
Болмақ емес басқаша
Ақын айтқан ишара.
Біреуге ұқсай бастаса,
Барып тұрған бишара.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері