Айрықша белгің өзгеден – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айрықша белгің өзгеден» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1472
Айрықша белгің өзгеден –
Сиқырлы, сұлу көз-берен.
Кереметтігін суреттеп,
Жеткізу қиын сөзбенен.
Айрықша белгің басқадан –
Көздерің мұхит, асқақ ән.
Тереңге тартып талайды,
Тұңғиығына бастаған.
Айрықша белгің наздылық,
Жанымды жайлау, жаз қылып,
Арнамнан асып-тасытсаң,
Қайтейін сені жазғырып.
Айрықша белгің – еркелік,
Қарайсың көзді төңкеріп.
Жалт еткен жанар отыңа
Кетер ме екем өртеніп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері