Өлең, жыр, ақындар

Цыган қыз

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2734
Цыган қыз суырып картасын,
Тосады жақын кеп қалтасын.
Шегіндің, не білдің, бауырым,
Қолыңды бекерге тартасың.
Цыганка күлімдеп қол жайды,
Ол сенің ойыңды болжайды.
Аңсаған адамың туралы
Ақтарып салады мол жайды.
«Бір жан бар тек саган ынтызар,
Жүзіңді көргеншс ынтығар,
Дейді ол қуантып сеніммен,
Кешікпей құшатын күн туар»
Болса да айтқаны өтірік,
Бойына жалынды от үріп,
Сол сөздің созыла түсуін
Сұрайсың сан рет өтініп.
Жаныңа жаңа жыр қонады,
Көңілің күйге шат толады.
Қатыгез қара қыз кешегі
Күлімдеп тұрғандай болады.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жамбыл даңғылы

  • 0
  • 0

Қысқаша өмірдерек:
Жамбыл облысында тудым,
Жамбыл қаласында тұрдым.
Бүгін тағы да мен шалқып,

Толық

Ауыл көріністері

  • 0
  • 0

Нұрландырып өңірді,
Алтын арай төгілді.
Шаруалар шып-ширақ
Шықты тысқа көңілді.

Толық

Қаракөз қарындасым

  • 0
  • 0

Қашан да қанымдасың,
Қашан да жанымдасың.
Көрікті жаратылған,
Қара көз қарындасым.

Толық