Бұл бетте «Өтеді күндер, өтеді түндер» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өтеді күндер, өтеді түндер,
Өмірге келіп, кетпеген кімдер.
Жайқалып жазда атса да шешек,
Сарғайып күзде солады гүлдер.
Адаммын бірақ қайғыдан жырақ,
Өлімнен қорқып, жатпаймын жылап.
Күндей боп көкте тұрмасам күліп,
Жалыны әлсіз жақпаймын шырақ.
Сол үшін сағат таппаймын тағат,
Келемін жырдың күмбезін қалап.
Өтеді күндер, өтеді түндер,
Қызықтап елім жүрсін деп қарап.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі