Жылады аспан күз күні – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Жылады аспан күз күні» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2368
Жылады аспан күз күні,
Көзінен жасы моншақтап.
Күтіп ек ерте біз мұны,
Қалды екен неге ол сақтап.
Көктемде күтті сар дала,
Бидайымен сағынып.
Қоршаған бұлттар айнала,
Құйғытып өтті ағылып.
Жаңбырдың бұлты келер деп,
Жаз айында күтті оны.
Төнеді бұлттар төмендеп,
Жұмыста жүрсе жұрт қолы.
Жылады аспан күз күні,
Көзінен жасы моншақтап,
Күтіп ек ерте біз мұны,
Қалды екен неге ол сақтап.
1956


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері