Айналдың әндерге әсем – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айналдың әндерге әсем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1520
Мен – қайсар тас жүрек ем,
Емендей иілмеген.
Сен – жайсаң жас жүрек ең,
Жігіт жоқ сүйінбеген.
Мен сені көрген күннен
Жаныңа жетем деп ем.
Сен сонда өр көңілмен
Қарамай кетем деп ең.
Бәрібір тағдыр бізді
Бақыттан босатпады.
Жүректі жандырды ізгі,
Құлындай қосақтады.
Мен сені сәл көрмесем,
Сағынып жыр арнадым.
Айналдың әндерге әсем –
Сыйы бұл бір Алланың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері