Кейде түннің ішінде – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кейде түннің ішінде» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1498
Кейде түннің ішінде,
Керемет бір түсімде
Қалқашымды көремін
Періштедей пішінде.
Естіп сонда таза үн –
Қалқашымның наз әнін,
Ойқастаған ойларды
Ойнақшытып жазамын.
Тұра келсем таңертең,
Тебірентіп ән өлкем,
Тербетеді тәнімді
Түсімдегі жан еркем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері