Күміс кірпік – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Күміс кірпік» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1687
Күмістен кірпігің,
Қыс көркі, – өткен күн.
Өңің тұр құлпырып –
Белгісі көктемнің.
Көзіңе қадалып,
Қуаныш көремін.
Жаным бір жаңарып,
Өлең сөз өремін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері