Бұл бетте «Шақыршы, сәулем» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шақыршы, сәулем, өзіңе,
Өтініш саған етейін.
Құласам да құз төсінен,
Өзіңе жылдам жетейін.
Өткенде жолдан жаңылып,
Налытып сені алыппын.
Отырмын енді қамығып,
Айыпты болып анық бір.
Сенсіз жоқ шабыт, сезім де,
Сенсіз жоқ маған ақылшы.
Бәрін де, қалқам, кешір де,
Өзіңе мені шақыршы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі