Қона ма гүл қыз? – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қона ма гүл қыз?» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1362
Жатсам да – бір қыз,
Тұрсам да – бір қыз,
Гүлім боп тұр қыз.
Яки түнде,
Яки күндіз,
Күнім боп тұр қыз.
Кірсем де бауға,
Шықсам да тауға,
Көрерім бір қыз.
Сезімім артқан,
Көзімді тартқан,
Керемет құндыз.
Бірденнен баурап,
Барады жаулап,
Жымыңдап жұлдыз.
Дірілдеп денем,
Тоңази берем,
Күнім жоқ мұңсыз.
Болсам да ғашық,
Аспанда қашық
Өте ме жұлдыз?
Құшағын ашып,
Шуағын шашып,
Жете ме жұлдыз?
Түсе ме көктен,
Аңсаған көптен
Сол арман жұлдыз?
Бақытым болып,
Қолыма келіп,
Қона ма гүл қыз?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері