Сынды талай сын алдында сағымыз – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Сынды талай сын алдында сағымыз» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сынды талай сын алдында сағымыз,
Аппақ Айдың сәулесіндей арыңыз.
Жапыраққа жан бітіріп қойдың ба?
Сағындырған сары күзде сары қыз.
Мұңсыздардың жүр ішінде жігітің,
Ауыр, ауыр жүрегімнің жүгі тым.
Жарық беріп сен келетін көшеге,
Шамдарында жанып тұр ғой үмітім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері