Ай төсіне, түн қойнына сақтап қойғам – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Ай төсіне, түн қойнына сақтап қойғам» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ай төсіне, түн қойнына сақтап қойғам,
Жанарымнан таба алмассыз мұңымды сіз?
Адасқандар көшесінен мені көріп,
Шақырмадың...
Бірақ, бір сәт бұрылдыңыз.
Қарашада шаштарыңмен жүрегімді,
Сыпырып-ап әкеттің ғой бұрымды қыз.
Көктем келді бүршік жарам...
Сарғайтқанмен,
кеудемдегі жапырақты бұрыңғы күз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері