Бұл бетте «Сен маған сенбесең» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен маған сенбесең.
Еркелеп ермес ең.
Ықылас, ынтаңды
Біржола бермес ең.
Өзімді сыйладың,
Сөзімді қимадың.
Жұбайың болса да,
Айылды жимадың.
Тізгінді бердің сен,
Қалтқысыз сендің сен.
Мен туған жерім мен
Елімді көрдің сен.
Қайттың сен керім боп,
Керемет келін боп.
Қалдым мен сол күннен
Өзіңнің ерің боп.
Көргеннен табанда,
Ұнатты анам да.
Берді ақ батасын
Маған да, саған да.
Қолдады қайың да,
Аспанда айың да.
Қалды тек жайында,
Бейшара байың да.
Сол күннен біргеміз,
Сөгілмес іргеміз.
Өлсек те мүлде біз,
Бір болар мүрдеміз.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі