Қой үстінде бозторғай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қой үстінде бозторғай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2115
Қой үстінде бозторғай
Ұя салған кездер-ай.
Айтылмаған сөз қалмай,
Ұға салған кездер-ай.
Кішілері әр кезде
Үлкендерін сыйлаған.
Қайда, қайда сол кездер?
Кімдер бүгін сыйлы адам?
Ал, жігіттер бұл күнде
Салынған бос селтекке.
Не боп кеткен, шіркіндер?
Әйел ме, әлде еркек пе?.
Қыздар нәзік десе де,
Айылдарын жимайды.
Әттең, әттең, көшеде
Тән сатқаны қинайды.
Ақиқатты табам деп,
Сансырадым, сабылдым.
Мынау қандай заман деп,
Аңтарылдым, аңырдым.
Қиындақ жоқ жеңбейтін,
Күдіктерден арылдым.
Өмірбақи өлмейтін
Үміттерге табындым.
Кейде құлап, жаңылдым,
Жүріп өткен жолымда
Бәрін, бәрін сағындым.
Бәрі тағдыр қолында.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері