Тришканың тоны – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тришканың тоны» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1202
Тришканың тоны жеңнен жыртылды,
Ойланбастан инеге ол ұмтылды.
Жеңін қырқып, жасап еді ол ұсталық,
Шыға келді шынтағынан қысқарып.
Төрттен бірі кемігені сөз бе екен?
Қайғыратын кез бе екен?
«Ақымақ», – деп оны көрген ел күлді,
«Мен ақмақ емеспін», – деп ол жүрді, –
Түзетем де мінімді,
Жеңді ұзартам қалпынан да бұрынғы».
Тришкадан ес кеткен!
Кесілді енді етегі.
Киді тонын ұялмастан еш көптен:
Әрине, ұзын бешпеттен
Шолтаң-шолтаң етеді.
* * *
Кей мырзалар жүргендей боп тындырып,
Істі бүлдіріп,
Тришкадай тон киіп,
Көрінеді сырт көзге құр қомпиып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері