Арыстан мен тышқан

Бұл бетте «Арыстан мен тышқан» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1897
Арыстаннан Тышқан жайлап сұрады,
Жақынырақ қонса екен деп тұрағы.
Және айтты: «Тұрғанда ну орманда,
Атақ, даңқың кем емес,
Күш жөнінен саған ешкім тең емес,
Бір ақырсаң, жұртта зәре қалған ба?
Болашақта не болады бұл күнің?
Не керегін айта алады кім бұрын?
Қарама шақ денеме,
Мүмкін, жарап қалармын бір кәдеңе».
«Сен бе, сорлы? – деді Арыстан ақырып, –
Қарасаңшы өзіңе.
Бұл сөз үшін өлер едің, пақырым,
Жоғал енді көрінбестен көзіме,
Әйтпесе, еш сүйегің де қалмайды».
Састы Тышқан естімеген ондайды,
Зытып берді баурына алып аяғын.
Арыстанның тек кетпеді паңдығы,
Шыққан кезде іздеп түстік тамағын,
Торға түсіп қалды бір.
Күш, айқай-шу – бәрі іске аспай тыс қалды,
Ары-бері жұлқынғанмен жан шыға,
Олжа болып қала берді аңшыға,
Ел көрсін деп тор ішінде ұсталды,
Сонда Арыстан есіне алды Тышқанды.
Аян еді оның бір іс істері,
Қияр еді торды өткір тістері,
Өкініштен өз тырнағын тістеді.
* * *
Иә, оқушым, бұл шындық.
Мысалдағы елге мәлім бұл сырды ұқ –
Қосыларсың халық айтқан пікірге:
Құдыққа сен түкірме,
Су ішерсің түбінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арыстан мен тышқан өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Арыстан мен тышқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арыстан мен тышқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арыстан мен тышқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері