Домкраттың мұңы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Домкраттың мұңы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1276
Көріп қалып Ісмерді,
Домкрат шын тістенді: –
Шар болаттан істелдім,
Бойыма зор күш бердің.
Үйреншікті міндетім –
Көтеретін күнбе-күн
Машина ауыр жүк емес,
Трактор да түк емес.
Қожайыным алайда,
Қуатыма қарай ма?
Жаңа іс жүктеп табанда,
Салып қойды Адамға.
Жетесізді жетелеп,
Қауқарсызды «көкелеп»,
Қайран күшім қор болды,
Тамыр-таныстық сор болды...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері