Шынын айтсам – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шынын айтсам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1641
Сынға болмай төзімді,
Мақтау күткім келмейді,
Ашпай тұрып көзімді,
Ақтауды ұққым келмейді.
(О. АСҚАРОВ. Сәулет. 16-бет)
Итжанды ғой қаламгер,
Сынағанмен өлмейді.
Бірді біреу надан дер,
Бірақ, одан өлмейді.
Айттым десем шындықты,
Маған адам сенбейді.
Ақынмын ғой сұмдық бір,
Неге ұқпайды мендейді?
Төмендемей төбемнен,
Осал өлең жазбаймын.
Сынар болса,
Дегенмен,
Өліп кете жаздаймын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері