Мейрамбекке – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мейрамбекке» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1489
Ей, Мейрамбек, Мейрамбек,
Тартушы едім тумам деп.
Сырт айнала бересің,
Бар билікті жиған боп.
Жан деуші едім өрелі,
Биіктерді көреді.
Туыс емес, сен үшін
Байлық екен керегі.
Айналаңа қара да,
Өзіңді зор санама.
Мықтыларды менсінбей,
Қалып жүрме далада.
Ей, Мейрамбек, Мейрамбек,
Ойлаушы едім сыйлар деп.
Қылығыңа қарасам,
Сенде титтей иман жоқ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері