Ақтың оты сөнбейді – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақтың оты сөнбейді» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1352
Қастандықты өмірде көріп келем,
Көріп келем, бағасын беріп келем.
Адамдығы жоқ жандар адалдықты
Арсыздықпен ұрып жүр бөрікпенен.
Бірақ, олар ешнәрсе өндірмейді,
Жақсылыққа шын қауіп төндірмейді.
Қанша қарау болғанмен қараниет,
Ақтың отын арамдар сөндірмейді.
Қараулықты шындықпен қақ тілетін,
Сөндірмейді арамдар ақтың отын.
Сөндірем деп қаншама алқынса да,
Өзі тартар бір күні тақсіретін.
Алла бәрін қалтқысыз көріп тұрар,
Ақ, қараның бағасын беріп тұрар.
Адалдарға арамдық жасағандар
Тірлігінде-ақ тұншығып, өліп тынар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері