Москва – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Москва» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.07.2022
  • 0
  • 0
  • 948
Алатау алтын төскейден
Мал баққан шабан жүрегі
— Қуана соқса кэш жерден
Ойнайды завод гудогы.
Москва барса, мінетін
Турксибі құстан да Ұшқыр,
Еділ жүзсе әзір,
Самолет дайын ұшса да.
Жүрегінің үстінде,
Ордені күннің көзіне
Шағылысқан, есінде
Москва тұрар сезіле.
Жалғыз ғана ол емес,
Талай миллион шабанның
Москва тұрар көзге елес,
Сәулеті қызыл алаңның:
Қызыл алаң, Мавзолей
Төрінде Ленин реңі;
Елімнен бүкіл сезілген
Соққандай Ленин жүрегі.
Шұғлалы күннің көзінен
Кремль — штаб; шың құзым,
Кремльдің өзінен
Көремін бақыт жұлдызын.
Сол бақыттың жұлдызы
Бастаған сайын жарыққа,
Күннен де күшті бір қуат
Құйылады халыққа.
Москва сұлу келбетің,
Халыққа — нұр, жауға — өрт!
Жиһанға маяк сәулетің,
Жүрегі елдің өзің тек.
Кім бақытты — сол елде жаз,
Бізде бақытты адамзат;
Кім қуатты сол жеңімпаз,
Бізден күшті адам жоқ.

1937


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері