Үкең мен дүкен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Үкең мен дүкен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2096
Үкеңді жұрт даттайды,
Үкең неге жақпайды?
Өйткені, ол дүкенін
Кезінде ашып-жаппайды.
Кейде өткізіп апта, айды,
Үкенді жұрт таппайды.
Бірақ, қайда жүргенін
Сұрауға ешкім батпайды.
Жақсы затты сатпайды,
Үкең үйде сақтайды.
Жең ұшынан жалғасып,
Ағайынға аттайды.
Жемдестері жақтайды,
Жеңдестері мақтайды.
Өйткені, Үкең олардың
Сенімдеріп ақтайды.
Әсте өсек жатпайды,
Тексеруші қаптайды.
Әй, бірақта олар да
Үкеңнен түк таппайды.
Үкеңді «жау» шаппайды,
Үкеңді дау қақпайды.
Жаратушы жар болса,
Үкеңді сау сақтайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері