Кереғар құрбылар

Бұл бетте «Кереғар құрбылар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1750
Күнге күйіп қақтала,
Қой бағып жүр Ақбала.
Мода қуып сәнді бір,
Қалада жүр Сәндігүл.
Ақбаланың ойында –
Сан артса екен қойында.
Сәндігүлдің ойында –
Сән артса екен бойында.
Ақбаланың ойында –
Қоң артса екен қойында.
Сәндігүлдің ойында –
Қой сойылса тойында.
Ақбаланың ойында –
Жүн артса екен қойында.
Сәндігүлдің ойында –
Шәлі ораса мойынға.
Ақбала ақтап үмітті,
Тапсырады түбітті.
Сәндігүл сол түбітті
Кім бергенін ұмытты.
Кофта киіп түбіттен,
Қыдырады жігітпен.
Міне, осылай құрбылар,
Кереғар боп жүр бұлар.
Бірі күн-түн мал баққан,
Бірі сылқым сән баққан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кереғар құрбылар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Кереғар құрбылар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кереғар құрбылар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кереғар құрбылар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері