Кілт пен құлып – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Кілт пен құлып» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2123
Есікте құлып тұрды,
Тесікте кілт тұрды,
Соңғысы күліп тұрды:
– Құлыпты қашанда,
Жабам да, ашам да.
Сонда да
Бағамды ол білмейді,
Көзіне ілмейді.
Өкпем сол ғана –
Сені жұрт пір дейді.
Бірақ, менсіз
Ретсіз, жөнсіз
Үйге ешкім кірмейді.
Құлып былай деді:
– Соншалық Құдай ма едің?
Үйді бақсаң,
Мені ашып-жапсаң,
Орындағаның қожаның бұйрығын.
Ал, өзінше ашпайтын,
Ешқайда баспайтын,
Белгілі ғой құйрығың.
* * *
Мысалда мынандай мән бар:
Біреусіз ештеме шешпейтін,
Өзінше өспейтін
Аз емес қой жандар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері