Табиғат пен көз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Табиғат пен көз» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 25.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2551
Табиғат бір тұрған еді құлпырып:
Көкті тіреп таулары,
Жайқатылып баулары,
Бел-белесте гүл тұнып.
Бірде өзіне таңдана,
Былай деді паңдана:
«Мен болмасам тегінде,
Мына өмір өмір ме?
Тауларымнан сылдырап,
Ағып жатыр мың бұлақ,
Үйрек ұшып, қаздар қонаған көлімде.
Қысқасы, ғалам бұл,
Менсіз қараңғы».
Көз жалт етті,
Былайша саңқ етті:
«Таласпан, ерексің,
Бірақ та, баға беретін,
Көз болмаса көретін,
Сен кімге керексің?».
* * *
Көретұғын көз болмаса дұрыстап,
Табиғат – бір қуыс нақ.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері