Бұл бетте «Ашты да қашты» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қу істетіп басты,
Бір банкті ашты,
Айла-амалға басты:
Жүз есе деп өсімі,
Жұртқа хабар шашты.
Одан түскен пайда
Шаш-етектен асты.
Ойлаған ба көпшілік
Ұтылам деп әсті.
Барын беріп банкке,
Жедел есеп ашты.
Мол ақшамен бір күні
Банкир шетке қашты.
Мыңдап өсім күткендер
Шындап төкті жасты.
* * *
Өмір бойы жиған
Бар ақшасын құйған
Зейнеткерлерді қиған
Банкир итте титтей
Болсайшы бір иман.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі