Шұлғаубайдың шатағы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Шұлғаубайдың шатағы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1402
Тойып алған Шұлғаубай
Былқ-сылқ етіп бұлғаңдай,
Айтқан сөзді ұқпай қойды,
Мейрамханадан шықпай қойды.
Әйелі: «Қайтайық», – деді,
Ол: «Өлең айтайық», – деді.
Сөйтті-дағы барылдап,
Тағы бір құтыны жарымдап:
– Қатын! Жатайық, – деп бөсе бастады,
Етігін шеше бастады.
Содан, не керек,
Екі милиционер жетелеп,
Сауықтырғыш үйге алып кетті,
Қатын, бала-шағасы қалып кетті.
* * *
Шатақтың да шығаратын орны бар,
Ұқпайды оны кейбір сорлылар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері