Өлең, жыр, ақындар

Ата-ананы жоқтау

  • 29.08.2019
  • 0
  • 1
  • 77559
Аппақ сүтін емізген,
Мейірі терең теңізден.
Таппаспын, ана, өзіңдей,
Ақ еділ жанды өмірден.
«Қарғам» деп жүріп қартайдың,
Ұйқысын қиып әр таңның.
Ажымға толып ақ жүзің,
Ағарды қара самайың.
Науқастың болмай амалы,
Күн туды басқа қаралы.
Анамыз сізден айрылып,
Көңіліміз болды жаралы.
Жан анамнан айрылып,
Басыма түсті қайғы-шер.
Айналайын, анашым,
Тұрағың болды-ау қара жер.
Анамдай кім бар аяулы,
Мейірін күндей жаяды.
Алыс та жақын емдеттік,
Болмады шипа баянды.
Құрметтеген бар адам,
Анашым еді балажан.
Мәпелеп бізді баққаны,
Шығады қайтып санадан.
Немере, жиен тағдыры,
Бәрін де оймен шарладың.
Көрмедім деп қызығын,
Ішіңде кетті арманың.
Алтай, Жайыр, Сауырым,
Бытырай қонған ауылым.
Ата-анадан айрылып,
Қайғының көрдік ауырын.
Ата-анам еді қормалым,
Қысылғанда қорғаным.
Екеуіңнен айрылып,
Қайғылы көңіл болғаным.
Әкем еді асқарым,
Шешем еді дастаным.
Екеуін бірдей әкеткен,
Ажал екен қас-қағым.
Қайғысыз, сірә, жоқ пенде,
Арман тіпті көп менде.
Кетемін ойлап сіздерді,
Қасымнан қарттар өткенде.
Аяулы әке, жан ана,
Бір күнің бізге зар болды.
Екеуіңнен айрылып,
Кең дүние тар болды.
Есіктің алды тобылғы,
Көзден жасым төгілді.
Ата-анадан айрылып,
Қабырға етім сөгілді.
Асқар тауым құлады,
Бәйтерегім сұлады.
Екеуіңнен айрылып,
Жүрегім зар-зар жылады.
Жаралған артық порымның,
Ұйтқысы болған елімнің,
Қадірлі, қайран ата-анам!



Пікірлер (1)

Әбіләз

ойланатын нәрсе екен

Пікір қалдырыңыз

Алқызыл

  • 0
  • 0

Ат көркем көрінеді тұрманменен,
Жеткізбейді дүние қуғанменен.
Ақ көйлек — адал ниет, кір шалған соң,
Су кетірмес не керек жуғанменен.

Толық

Әупілдек

  • 0
  • 0

Қар басты Әупілдектің қамыстарын,
Айтады әркім көрген хасірет, зарын.
Түседі қайғылыға қара тұман,
Кім білер соның қашан ашыларын?

Толық

Құрбым-ай

  • 0
  • 0

Сен ар жақта, қалқатай, мен бер жақта, құрбым-ай.
Кер арғымақ шұлғиды, құрбым-ай, баушарбақта, құрбым-ай.
Құнан атан қолымда, сүйіншім бар, құрбым-ай.
Қалқатайдың аулы, құрбым-ай, дәл қай жақта, құрбым-ай.

Толық

Қарап көріңіз