Өлең, жыр, ақындар

Есмағамбетті әйелінің жоқтауы

  • 30.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3423
Биссимилла сөздің басына,
Ағайын келді қасыма.
Бір күнгідей болмаған,
Дүние деген осы ма?!
Көңілден қайғы босатсам,
Келер ме көздің жасына?!
Жыламай нағып шыдайын,
Кешегі өткен асылға?!
Асылым түсті қолымнан,
Қанатым сынды оңымнан.
Құдай қосқан жайсаңым,
Адастырып жолымнан.
Отыз төртке келгенде,
Ұядан ұшты алғаным,
Дүниенің білдім жалғанын.
Мезгілсіз келді кезегім,
Қызығыңа қанбадым.
Кәлам шәріп хат оқып,
Ісләм жолын аңдадың.
Жан тәсілім болғанша,
Ақылыңнан танбадың.
Сонда біліп ойладың,
Құданың назар салғанын.
Амандаспақ сол күні
Көңілде болды арманың.
Амандастың жұртыңмен,
Бұйрығы деп Алланың.
Иманыңды құрметтеп,
Періште келсін хабарға.
Артында қалған біз нашар,
Іздегенмен табар ма?
Кешегі сөнген шам-шырақ,
Орнына қайтып жанар ма?!
Дәуірлеп ұшқан бала құс,
Тұғырға қайтып қонар ма?!
Дүние дәулет болса да,
Алғанымның тұсындай,
Енді дәурен болар ма?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өтірік өлеңдер

  • 0
  • 0

Өтірік өлеңдер
Айттым да, өтірік өлең жұртқа жақтым,
Қой қылып құмырсқаны жаздай бақтым.
Айғырын шегірткенің ұстап мініп,

Толық

Бейнем-ау (2 ­нұсқа)

  • 0
  • 0

Үш қиян — біздің елдің қияны-ай-ау,
Даусыңды ести алмадым қиядағы-ай-ау.
Болғанда сіз ақ сұңқар қиядағы-ай-ау,
Талпынған мен балапан ұядағы-ай-ау.

Толық

Қарғалы

  • 0
  • 0

Басынан Қарғалының ел айрылған,
Қаршығам қазға салған тез айрылған.
Жалғанда қыздан сорлы жан бар ма екен,
Елінен өлі айрылмай, тірі айрылған.

Толық

Қарап көріңіз