Әбіт Ыразақұлын жоқтау – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әбіт Ыразақұлын жоқтау» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған жоқтау өлең берілген.

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1797
Дәм бұйырып біз келдік
Қожағұл деген ауылға-ай.
Берекелі ел екен,
Орманы қалың тауында-ай.
Сөртінің ұлы болғандай,
Жасынан шыққан дәрубай.
Атағы жеткен алысқа,
Мұзарттың биік тауындай.
Озып жүрген шын жүйрік,
Бәйгесін алған шабылмай.
Азып келген халыққа,
Сүйеніш болған бауырдай.
Жер-суменен қамдады,
Мініс көлік, сауынды-ай.
Той-жиында халыққа
Мәтел сөзі сарындай.
Келген елге жалғастың,
Қойныңды ашып тарынбай.
Шарапаты жақсының
Қоймады жұртқа танылмай.
Көшіп келген халық ек,
Жер-суды қалдық сағынбай.
Қариясы Өкпебай
Айтылсын бұл да қалынбай.
Бұтабай да қария
Ағайынға жағымды-ай.
Қанапия азамат,
Ағасын дейміз тағындай.
Жақыпбек күнде екпінді,
От қойған шидей жалынды-ай.
Алымбек мырза белгілі,
Ел-жұртына танымды-ай.
Көрінеді Сымағұл
Тонның ішкі бауындай.
.................................
Сөз сарыны дауылдай.
.................................
Көктемгі жауған жауындай.
Еркебайдың байлығы
Саудагардің малындай.
Қосып айтып кетейін,
Ашытқан илеп қамырдай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері