Тарқатсам шерді толқыған – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Тарқатсам шерді толқыған» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тарқатсам шерді толқыған,
қарайсың неге таңдана?!
Сезімді шындап шолпыды ән,
нұрымен өпті паң дала.

Жайдары едің, үкілім,
жалыннан үміт үзбейтін.
Жүрегім, енді лүпілің
сезінер жанды іздейсің.

Арманға алыс жетелеп,
бұла күш бойдан тасыған.
Бақыттың барар төтелеп
жолы жоқ...
Қайда асығам?

Сарқырап аққан бұлаққа
тілейді ғұмыр гүл-өңір.
Тасқынды өзі, бірақ та,
алтыннан қымбат бұл – өмір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері