Кел, жігіт, кел, жігіт – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Кел, жігіт, кел, жігіт» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.09.2019
  • 0
  • 0
  • 1688
Кел, жігіт, кел, жігіт,
Бұған бата бер, жігіт!
Ауылыңның қонғаны
Жылға-жылға сай болсын.
Ұл баланың мінгені
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Атаның көңілі жай болсын!
Қара ешкінің мүйізі
Ербегей де сербегей.
Саған келген пәлекет
Өзен суды өрлегей!
Менің атым—Сарыбай,
Сақалыма сары май.
Татам мезгілі болғанда,
Төсегіңнің басынан,
Жастығыңның астынан,
Бақ-дәулет келіп дарығай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері