"Шетелдегі қазақ балаларына"
Бұны ойлсам көңіл шіркін аһ ұрды,
Сөзін естіп,өзін көріп ақырғы.
Бар шамасы келгеніме өмірге ,
Қаншамасы шетелдерге сатылды.
Жас тамардай сөйлегенде сөзінен,
Қайғы орнады пәк періште кезінен.
Қуанғанмен,күлімсіреп шаттана,
Бақыт нұрын көре алмайсың көзінен.
Зар жылатты жетімдерді заманың,
Айтшы адамзат, осы ма еді қалауың.
Көк қағазың қымбат болды бұл күнде ,
Былдырынан,күлкісінен баланың.
Мейірімі құрып барат бұл күнде,
Бұрынғы емес алтын құрсақ ананың
Айғаным мен Ұлжандардай желбірет,
Алтын құрсақ ақ ананың жалауын.
Бала емес пе анасының азығы,
Жылжымайтын,мызғымайтын қазығы.
Пәк сезімді іңкәр жүрек періште,
Келгені ме мына өмірге жазығы.
Балғын сәті былдырлаған бала кез,
Жетіледі күннен күнге сана тез.
Өзгелерге қалай ғана қияды,
Сары ауыз балаларын,қаракөз.
Алла берсін, балғындардың тілеуін,
Құм қылмасын үміт отын жігерін
Аяушылық жас келеді көргенде,
Алып ұшқан аңғал көңіл жүрегін.
Күтеді үміт, жым-жырт кештен, ақ таңнан,
Қандарында қазақтығы сақталған.
Өзге отбасы,өзге елде тұрсада.
Қарсы алдыңда қазақпын деп мақтанған.
Қылығына ,қызығына тәнті адам,
Бірі айтады би билеймін,ән салам.
9-орын алады деп әлемде
Көрсетеді қазақ жерін картадан
Сөйлегенде экранға тәмәм кеп,
Жүзін көріп күрмеліп-ақ қалам тек,
Айтып қоят мен өскенде шынымен
Қазақстанға,туған елге барам деп.
Өзге ата-ана болып бала қорғаны,
Бар нәрсені береміз деп қолдағы.
Экранның көзінше кеп, әйтеуір,
Бізде бірге бармыз деп қолдады.
Тек құдайға мәлім бәрі, ол жағы
Орындалсын балақайдың арманы.
Туған елге қанат қағып түлесін,
Жүзеге ассын жоспарлары алдағы.
Бұл заманға қалай көңіл толатын,
Жүрек деген соны ойлап соғатын.
Баяғыда он-он бестен балалары болса да
Әр шаңырақ тек бақытты болатын
Ал қазіргі кей ананы білмеймін,
Өздерінің түрі жоқ қой оңатын
Тасбауырлық танытатын сәбиге
Әрбір жерге тастап кетіп қалатын.
Балаларға жылылықты берейік
Періштеге пәк сезімге теңейік .
Бала деген бауыр етің емес пе
Жетімдерді жылатпайық жебейік
Модератор
Автор деген жері бос қалып, авторы өзім деген белгі басылу керек.
Сайысқа қосу үшін - bilim2019 - деген ілмек (тырнақшасыз) болу керек .
Егер қосқан өлеңде бір қате болса, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдеуге болады. Қателіктер болмауы үшін нұсқаулықтармен танысып алыңыздар.