Құйшы досым!

Бұл бетте «Құйшы досым!» атты Абзал Алтый жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Құйшы досым
Ішейік құлағанша...
Өткізсек те өмірдің соңғы кешін
Жалғанның жарты тасын көтере алмай
Мына байғұс "арақтан өлді" десін

Шайқап жібер шөлмекті,құймас бұрын
Бізді де шайқамап пе ед тағдыр солай
Ештеңе де демей ақ тартып жібер
Қазір тілек айтудан қарғыс оңай

Толтырып құй
Ішейін босағанша
Айырылғанша есімнен,тепкілесін
Қане досым соғыстыр, стақандай
"Басын соғып өмірден өтті"десін

Жұрт біздегі жағдайды қайдан білсін?
Түсінбейді...қайтеміз текке кейіп?!
Жеп жібер "зәкүскіден", ертең елдер
"Аштан өлді" демесін...жеп кетейік!

Ащы судай "бес күннің" өңешінен
Өзегіңді тырналап аттанарсың
Ағыңнан құй досым-ау, ақтан көріп
Бізді кейін жұртымыз ақтап алсын

Соңғы рет құй
Толтырып бір тартайын
Толық болсын өткізер соңғы кешім
"Зәкүскі" бер, бірдеңе жеп кетейін
Аштан емес, "арақтан өлді" десін... (С) Абзал Алтый


Пікірлер (1)

Гулнур

Қазақтардың ішетіні өкінішті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құйшы досым! өлеңінің авторы кім?

Абзал Алтый — осы өлеңнің авторы.

Құйшы досым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құйшы досым! өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Құйшы досым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер