Сексен – Кенен Әзірбаев

Бұл бетте «Сексен» атты Кенен Әзірбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.10.2019
  • 0
  • 0
  • 3700
Атақты сексен, келдің бе,
Алайын деп сырымды.
Сезікт ісексен, келдің бе,
Табайын деп мінімді.
Сүйкімсіз сексен, келдің бе,
Қатырғалы буынды.
Айналдырмай аулақ жүр,
Көрсетпеймін шенімді.
Тұсауым жоқ аяқта,
Сүйенгем жоқ таяққа.
Сыралдыр ман сексенге,
Тоқсан, жүзің қай жақта?
Биыл келдім сексенге,
Тай үйретем тепсеңге.
Екі Кенен тумайды,
Алатауға ексең де.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері