Арыстанбай асуы
- 0
- 0
Әлдекімге төнгендей,
Бетіне шығып ашуы.
Жататұғын жол бермей
Арыстанбай асуы.
Бұл бетте «Бұл дала» атты Қуандық Жолтай жазған табиғат туралы өлең берілген.
Әлдекімге төнгендей,
Бетіне шығып ашуы.
Жататұғын жол бермей
Арыстанбай асуы.
Ақырын күліп таң атқанда,
Көк атылас жамылып.
Кең даланы оятқанда,
Таң дабылы қағылып.
Шалқыды зәулім залда қазақ әні,
Көшіріп әкелгендей жазираны.
Үнінде сыбызғының келе жатты
Сызылып атып сұлу жаздың таңы.
Төсекте ұйықтап қана жатқан жандай,
Дүние үміті жүзінде сақталғандай.
Келбетінен көзіңе жарқ етеді,
Болашақтың бейнесі атқан таңдай.
Жазғытұры күн-түн қатып,
Колхозды елім еккен қолдан.
Жапырағыңды судырлатып,
Жайқал, жайқал жасыл орман.
Модератор
Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегі керек. Қаламды басып өңдеуге болады.
Kuandik_Zholtai
Ескерткеніңізге рахмет