Өлеңдер Бөлімі

Мағжан – жыр жұлдызы

Отанды түзеу еді беталысы
Ел үшін сыналады ер намысы
Жазықсыз құрбан болған алыптар-ай
Қазақтың тарихтағы бес арысы

Ұрпаққа мұра болды аталы өлең
Қос бұрымдай сөздерін қатар өрген
Шолпандай тұңғыш жыр жинағымен
Халқыққа қазына болды сапалы өлең

Аласармас Мағжандай асқарымыз
Батыр Баян жазылды дастаныңыз
Мен жастарға сенемін деп үміт артты
Үмітіңді ақтауда жастарыңыз

Мағжанды қазақ еді қорғаған тек
Жасырын ұлтшыл ұйым болмаған деп
Әуезов әдебиетте баға берді
Мағжанның мәдениеті зор адам деп

Сақталған сары алтындай жыр құндызы
Дәріптеп зеріттеуде ұлмен қызы
Әдебиеттен ойып тұрып орын алған
Қазақтың қайталанбас шоқ жұлдызы.


Қарап көріңіз


Пікірлер (1)

Модератор

Авторы деген жері бос қалып, авторы өзім деген басылу керек.

Пікір қалдырыңыз

×