Өлең, жыр, ақындар

Досыма хат

  • altun
  • 17.11.2019
  • 0
  • 6
  • 12495
Қара сия, ақ қағаз
Хатты жазсаң досқа жаз.
Рухани жаңғырар
Дәл осындай достар аз!

"Жастар жылы" жалындап,
Әз досыма жаздым хат.
Дос тамыры тереңде
Дәнекері-ақиқат.

Сәлем саған сырласым,
Өзіңе айтар сыр басым.
Көңіл кілтін ашайын
Әзіз жүрек тыңдасын!

Бала шақтан болашақ,
Боз қоғамға жаралсақ.
Дем береді-игі іс
Кірпіші боп қалансақ!

Болайық біздер еңбекқор,
Еңбекқорға сенім мол.
Діттеген мақсат-мұратқа
Үш тілділік бағдармен
Білім-білік басты жол!

Білімге еш қанбайық,
Білім қуып самғайық.
Ұлық елдің ұланы
Алған беттен танбайық!

Ой салады осындай,
Ой-санамыз қосылғай.
Біздей достар көбейіп
Үзбей хаттар жосылғай!

Шабыт берер досымсың,
Ұлы сезім жосылсын!
Нағыз достық осылай
Еш қалтқысыз қосылсын!

Нағыз достар үнемі -
Жүрегіңнің кіл емі!
Әз жаныңа желеу боп
Ажырамас бір елі!

Жадымдасың жан досым,
Жаратқаным жар болсын!
Баға жетпес құндылық
Бағың тектес нар болсын!

*** *** ***

Тәуелсіз ел жастары -
Сүбелі сөз бастады.
Қыранша қанат қомдап
Алысқа көз тастады!

Шығарма шабыт бердің,
Шынарға бағыт бердің!
Шынайы жан досыңның
Шырайын танып-көргін!

Өлеңмен өріп көрдім,
Дегенмен, еніп көргін.
Өскелең біз ұланы -
Егемен ерікті елдің!

Айбарлы Алашымның,
Айналған Анашымның,
Достықтың дана сырын,
Өмірдің бар асылын
Байқатпай бойға тұтқан
Бармақтай баласымын,
Сәтбаев қаласының!!!



Пікірлер (6)

altun

smiley

Модератор

Авторы өзім деген жазудың үстіне басу керек.

Батихан Ақназ

Өлең өте күшті. Маған ұнады.

Акжаркын

Өте жақсы жазылuан Керемет !

Myrza

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз