Жыр жазғым келеді

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 755
Көкте күн күлімдеп тұрғасын,
Болған соң жүректе жыр басым,
Тектінің көрген соң тұлғасын,
Жыр жазғым келеді!
Қасірет алысқа қашқасын,
Гүл жұпар иісін шашқасын,
Көңілді қуаныш басқасын,
Жыр жазғым келеді!
Бұлақтар сыңғырап күлгесін,
Бақыттың бағасын білгесін,
Шаттықтың алған соң жүлдесін,
Жыр жазғым келеді!
Өмірдің алған соң олжасын,
Тәтті үміт жаныма толғасын,
Жақсылар жанымда болғасын,
Жыр жазғым келеді!
Жанымның жасантып жылғасын,
Сезімім зорайтып сұлбасын,
Бар әлем ән салып тұрғасын,
Жыр жазғым келеді!
Туған ел болған соң еңселі,
Керіліп келешек желкені,
Көңілдің басылып кемсеңі,
Жыр жазғым келеді!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр жазғым келеді өлеңінің авторы кім?

Алма Түсіпбекова — осы өлеңнің авторы.

Жыр жазғым келеді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жыр жазғым келеді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Алма Түсіпбекова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жыр жазғым келеді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері