Корейская косметика премиум класса

Әнім сенсің, Қазақстан!

Көк байрағы көк бұлттармен жанасқан,
Нұрын төккен төбемізде көк аспан.
Жер жүзіне аты мәшһүр Отаным,
Тұғырлы елім, ғұмырлы елім, Қазақстан!

Елбасымыз – кемеңгерім, нар тұлға,
Елімізді биіктеткен сан қырға.
Мінезі бар елі үшін қашан да,
Тайсалмайтын нажағайдан, жарқылдан!

Егемендік бізге оңай келмеді,
Шейіт болды талай-талай ерлерім.
Бостандықты ұзақ уақыт аңсаған ,
Еш кетпеді ерлерімнің еңбегі!

Шұғылалы таңы атты қазақтың
Тәуелсіздік! Егемендік – ғажап күн!
Мақтанышпен айта аламын, бүгінде
Бодан емес, Азатпын!

Елбасының еңбегі жол бастаған,
Мақтанышы елімнің нұрлы астанам!
Туған елді ардақтап, аялайтын,
Мен қызыңмын ерекше жыр бастаған!


Қарап көріңіз