Өлеңдер Бөлімі

Сәби тілегі

Сәби тілегі

Келдім. Кеттім. Мен сендерге не жаздым,
Анашым-ай, осыншалық неге аздың,
Жатырыңнан сəл-ақ кеңдеу көліктен,
Басқа əлемді көрсетпедің неге аз күн?!

Анашым-ай,
Құлақ салшы, құрсағыңда бүрлегем,
Шаранаңмын бір күн өмір сүрмеген.
Сыртқы əлемнің салқындығын сезуші ем,
Бірақ мұнша суықтығын білмегем.

Сен жылытар деп ем тəнім мұздаса,
(Алдандың ғой, жұрт сөкпес ед сізді аса)
Кім емеді айтшы соны, анашым,
Сүтке толып, ақ мамаңыз сыздаса?!

Əділдік пе туа сала өлмегім,
Маған неге сұлу есім бермедің,
Шілдехана жасамады əкем де
Атамның да түрін неге көрмедім?!

Əжетайым,
Жанды ауыртып, кіндігімді жұлмалап,
Құтылуға асықтың-ау жылдам-ақ.
Бесігіме бөлеп қойсаң мен сенің,
Мазаңды да алмас ем ғой іңгəлап.

Болар ем ғой, қолғанатың, ермегің,
Əзірейілім боп шықтың ғой сен менің.
Əжетай-ау, əлдилегің келмесе,
Баласы жоқ жанға неге бермедің?!

Əулетіңді тұздай құртып жоймақ па ең,
(Тілегіңді қабыл етіп қойды əттең).
Əйнегінен лақтырғанда көліктің,
Аспанға ұшып кетеді деп ойлап па ең?!

Қазағым-ай,
Сап-сау тудым, Ер болар ем ту алған,
Ерлігімді намысыма суарған.
Қазақ деген елдің ұлы болам деп,
Жатырыңа біткен кезде қуанғам!

Қазағым-ай,
Қысқа күнде қырық өлең шығарған,
Ақын ұлттың ұлы болу - ұлы арман.
Мен, əу баста, Жаратқаннан сол үшін,
Мына сенің жатырыңа сұранғам!

Ей, адамдар,
Мен жолдамын, мені ұмытып кетпеңдер,
Аза тұтып жатыр маған Көк пен Жер,
Тым құрыса баспаңдаршы .
Жинап алсын кептерлер...


Қарап көріңіз


Пікірлер (1)

Модератор

Сайысқа қосу үшін bilim2019 ілмегін қосу керек. "Қаламды" басып өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

×