Өлең, жыр, ақындар

Қап, бəлем , қайта ғашық болғандаймын

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Түн! Тып-тыныш!
Өмірім қызықтарға толып жатыр
Сынақтардан жан дүнием тоңып жатыр
Алайда жүрегім ыстық əлі ,
Қайта -қайта аласұрып соғып жатыр.

Жалғызбын , əттеген-ай сормаңдаймын
Кенеттен жылы нұрға толғандаймын .
Көздерім жұлдыздардай жарқырап тұр ,
Қап, бəлем , қайта ғашық болғандаймын.

Махаббаттың дəмін татып көрсем деймін
Артыңнан жас баладай ерсем деймін .
Өзгенің бере алмаған қуанышын ,
Мен ғана , тек мен ғана берсем деймін .

Айналамнан бір өзіңді іздейді екем ,
Сен , мен емес дереу-ақ біз дейді екем .
Көзім түсіп өзіңе қалсадағы ,
Сезесің бе , дүрсілін де жүректің сезбей кетем !


Пікірлер (1)

Майра

Керемет жазыпсыз ...дір еткізіп жүректі .өзім ғашық болғандаймын ..

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қап, бəлем , қайта ғашық болғандаймын өлеңінің авторы кім?

Шұғыла Испанова — осы өлеңнің авторы.

Қап, бəлем , қайта ғашық болғандаймын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Қап, бəлем , қайта ғашық болғандаймын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шұғыла Испанова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қап, бəлем , қайта ғашық болғандаймын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.