Оят мені
- 0
- 0
Жел боп кіріп көңіліме жабыққан,
Оят мені ақ сәулеңмен, жарық таң!
Сұлулыққа таңдануды о баста
Мінезіме ана сүті дарытқан.
Бұл бетте «Жемқорлыққа қарсы күрес» атты Қадіржан Алдахов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түпсіз аспан қабағымен тұнжырап,
Бұтақтары бір түзеліп, бір құлап,
Жылмен келер жоқтап әнші бұлбұлын,
Жел өтінде жалғыз қайың тұр жылап.
Аспанында қалқып ұшқан жас қыран,
Аспанында қалқып ұшқан жастық ән,
Шалқар дария табылыпты бір теңіз,
Мен шыр етіп туған жердің астынан.
Ер жігіт өсіреді жапанға гүл,
Ойлайтын кезің келді Отан қамын.
Парызын өтеу үшін туған елдің,
Барасың, балам, күткен сапарға бұл.
Қуанамын көгімде аман тұрса күн,
Көзін ашқан еске түсіп гүл шағым.
Құрсағымнан шыққан балам кешегі
Кезіп жүр кең дүниенің құрсағын.
Анаң сенің болады қатал қашан,
Ант берерсің күніне Отанға сан.
Мазам кетіп бір түрлі алаңдаймын,
Аптасына бір рет хат алмасам.
Бақыт Ұланбек Бақытұлы
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ
Авторы Бақыт Ұланбек Бақытұлы
Жемқорлыққа жастар түгел қарсымыз
Тамырымен түгел жою шартымыз
Дәл қазірден күреспесек бұл дертпен
Болып шығар алдың жалын артың құз !!!
Жемқорлыққа біз бәріміз қарсымыз
Ұнатпайды арам істі халқымыз
Түбі жеңіс біздікі деп сенемін
Қарсы тұрсақ бүкіл ел боп жалпымыз !!!
Азамат
өте керемет