Бейуақыт түсті менің есіме...
- 0
- 0
Қосылды да арманға арман, сырға сыр,
Келер күннің мүсіндедік тұлғасын.
Асығамын кететіндей өтіп тез
Қас қағымның арасында бір ғасыр...
Бұл бетте «Өзің біл» атты Жомарт Калмуратов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қосылды да арманға арман, сырға сыр,
Келер күннің мүсіндедік тұлғасын.
Асығамын кететіндей өтіп тез
Қас қағымның арасында бір ғасыр...
Бала едім ғой, пәк едім ғой онда мен,
Өмірдің бар қызығына шөлдеген.
Қос ат жеккен шойын табан шанамыз
Қалқып келе жатты қысқы жолменен.
Ұнап жүріп, қалдың маған ұнамай,
Сыр алдырдың сынға неге шыдамай.
Жүректегі қиын сөзді қалайша
Тіліңменен айтып қойдың тым оңай?..
Өкінемін, көп нәрсені жай ұғып,
Алған жоқпын ақ-қараны айырып.
Өзің үшін өскен сезім қанатын
Қабағыңмен тастамашы қайырып.
Таппаспыз ешбір дауа жарамызға,
Өткен күн айналғандай бәрі аңызға.
Қанша асу, қанша жылдар жатыр бөліп
Қамал боп екеуміздің арамызда.
Алданамын, кімге ашылып, сенсем көп,
Көңіл ауру, бір сөзіңмен берші емдеп.
Адамдардың ортасында жүріп-ақ
Адамды бір сағынамын көрсем деп...
Ispanova_Sh2001
Керемет !