Өлең, жыр, ақындар

Сезім қауырсын

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Өкінемін, көп нәрсені жай ұғып,
Алған жоқпын ақ-қараны айырып.
Өзің үшін өскен сезім қанатын
Қабағыңмен тастамашы қайырып.
Сен болмасаң, кімді ойлап сүйер ем,
Жанған отқа өзім түсіп күйер ем.
Бәйтерегім, дауылы ұрып тағдырдың,
Қиналғанда саған келіп сүйенем.
Бәйтерегім, жапырағыңды жел өрген,
Көлеңкеңе көктем сайын келер ме ем?
Жан-дүниеңнің айна көлі тұп-тұнық –
Көздеріңнен көздерімді көрем мен.
Жете алам ба, жүрегіңе жол жүріп,
Жол үстінде қалам ба әлде болдырып!
Түні бойы сәулелермен ойнайсың,
Жұлдыздарды жапырағыңа қондырып..
Құштарлықтың жоқ екен ғой өлшемі,
Құштарлық қой көтеретін еңсені.
Жан-жүректің отыменен қыздырып,
Ерітер ем, тас болсаң да, мен сені...
Нені аңсайды ұшып-қонған, жыр көңіл,
Серпіп кейін жастық дәурен дүрмегін.
От-сезімнің күші болар тұтанған –
Мен өзіңді жек көре алмай жүргенім.
Сабағың тұр жұлдыздармен ай іліп,
Мықты болсаң, нәзіктіктің жайын ұқ.
Бұлбұл – сезім қауырсынды қанатын
Қабағыңмен тастамашы қайырып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Біреу тойған...

  • 0
  • 0

Біреу тойған...
көз алды сағымданып,
Біреу әрең жүреді жанын бағып.
Ойда жоқта жер ана сілкініп, бір

Толық

Кешкі биде

  • 0
  • 0

Вальс әні, кетті бірден тартылып,
Кеңейгендей күй сазымен тар клуб.
Шыр айналып дөңгелеп жүр құрбылар,
Жүздерінде нұр арайлы таң күліп.

Толық

Әудемжер

  • 0
  • 0

Кім сонда, осы әуенді қалықтатты,
Мәңгілік құлағымда қалып қапты.
Үстінен өмір көпір, өтіп жатқан –
Уақыт соны айтудан жалықпапты.

Толық