Әсерлер әсер ете алмай – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Әсерлер әсер ете алмай» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 642
Әсерлер әсер ете алмай,
Сүлесоқ жүрмін, сүлесоқ,
Жазғырғың келсе, өзің біл,
Жазықты десең, дүре соқ!
Қырықтан нешеу кем екен,
Жүр шықпай қалған жан әлі,
Үзіліп, талай жалғанғам,
Кесіртке ғұрлы бар әлім!
Жазығым – кештеу жолыңда
Жолыққаным ба, абайсыз,
Ұмыту ма, әлде, күту ме,
Ашып айт, нені қалайсыз???


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері