Сағынбайды деймісің, сағынамын! – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Сағынбайды деймісің, сағынамын!» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 1700
Сағынбайды деймісің, сағынамын!
Тағдырыма нала айтып, жабығамын!
Қамықпайды деймісің, қамығамын,
Тағдырыма тағы айтып налығанмын.
Налып жүрген күндердің бірі ме екен,
Деп сұрапты біреулер «тірі ме екен?»,
Білдірейін дедім де тірлігімді
Түзеп аша бастадым түндігімді!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері